Вы сейчас просматриваете Достық-Мойынты құрылысы

Достық-Мойынты құрылысы

  • Рубрика записи:Новости

Достықтан Мойынтыға дейінгі 836 шақырымдық учаскеде екінші жолдың құрылысын толығымен аяқтау үшін 200 шақырым рельс пен шпал төсеу қалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Екінші жолға арналған рельстік тордың алғашқы тізбектерін төсеген сәттен бастап бір жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде 636 км жол салынды, 62 көпір мен 242 құбыр орнатылды. Осы жылдың соңына дейін жекелеген учаскелерде пойыздардың жұмыс қозғалысын ашу көзделіп отыр. ҚТЖ Ірі жобаларын іске асыру дирекциясы жобаның белгіленген мерзімде аяқталатынын атап өтті.
Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысымен бір мезгілде Алматыны айналып өтетін темір жолдың құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Нысанда жер жұмыстарының жалпы көлемінің 75% орындалды. Жетіген станциясынан рельсті-шпал торын төсеу басталды. Су өткізгіш құбырлар орнатылып, көпірлер салынуда. Қонаев-Алматы республикалық тас жолында көпірдің аралық құрылыстары салынды. Қазақстан-Қытай газ құбырының учаскелерін қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан облысындағы Дарбаза-Мақтааралдың жаңа желісін төсеу үшін жер төсемі дайындалуда. Барлығы 152 шақырым жол салу үшін құрылысшылар шамамен 10 мың текше метр топырақты қайта өңдеуі керек. Жоба EPC-келісімшарт аясында жүзеге асырылуда, жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға және ЖІӨ құрылымына қосымша кірісті қамтамасыз ете отырып, елдің транзиттік-көліктік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Құрылыс кезеңінде жобалар аумақтары бойынша жаңа теміржол магистральдары өтетін облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын отандық мердігерлік ұйымдар орындауда. 1300 астам техника мен 5000 жуық адам жұмылдырылды. Жалпы ұзындығы 1000 км-ден асатын жаңа темір жол желілерінің құрылысында қазақстандық кәсіпорындардан 150 мың тонна рельс және бекітпелері бар 2 млн.астам темірбетон шпалдары сатып алынатын болады.