You are currently viewing АЙМАҚАРАЛЫҚ  САЙЫСТА ТОП ЖАРДЫ!

АЙМАҚАРАЛЫҚ САЙЫСТА ТОП ЖАРДЫ!

  • Post category:Новости

Ақтөбе станциясында «KAZPROFTRANS-2022» теміржол футбол лигасының кубогы турнирі өтті. Сала кәсіподағының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген аймақаралық сайысқа Батыстағы үш аймақ – Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау теміржолынан командалар қатысты.

Республика күніне орай Ақтөбе станциясында өткен футбол лигасының аймақаралық кезеңінің салтанатты ашылу рәсімінде сапқа тұрған командалар мемлекеттік Әнұранды орындады. Осыдан кейін төрешінің шешімімен кезегімен алаңға шыққан көмандалар ойынды бастап кетті. Бір-біріне дес бермей, теңбіл допты қуып жасыл алаңда алашапқын болған командалардың осалы жоқ, бәрі де кәсіби футболшылардай ойын көрсетті. Әсіресе, атыраулық команда сайдың тасындай ойыншыларымен оқ бойы озық көрінді. Сәйкесінше, 1-орын Атырау ТЧЭ командасына бұйырды. Екінші және үшінші орынды Ақтау порты және Шалқар ШЧ-3 командалары бөлісті. Үздік команда республикалық ойында өнер көрсететін болады.
«Кәсіподақтың 30 жылдығына арналған спорттық шара жыл басынан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі турнир жеңімпазы болып танылған Атырау командасы енді Астанаға барып, республикалық сайыста бақ сынайтын болады», – дейді Ақтөбе
бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.


Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе
Суретті түсірген автор