You are currently viewing Персоналды оқыту мен дамытудың кешенді бағдарламасы іске асырылуда

Персоналды оқыту мен дамытудың кешенді бағдарламасы іске асырылуда

  • Post category:Новости

ҚТЖ да персоналды оқыту мен дамытудың кешенді бағдарламасы іске асырылуда. Оның негізгі бағыттары туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева Логистика және көлік академиясында (ҚазККА) өткен Орталық Азия және ТМД елдері арасындағы теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі IV Еуразиялық форумда айтып берді.
Персоналды оқыту және дамыту бағдарламасы негізгі мақсатқа – кәсіби құзыреттілікті дамытуға және қызметкерлер қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бағдарлама 4 бағытты қарастырады:

  1. Жоғары оқу орындарымен және колледждермен өзара іс-қимыл,
  2. Корпоративтік оқыту,
  3. Кәсіптік оқыту (коммуникацияны арттыру курстары)
  4. Білімді сақтау және беру (техникалық оқу, ішкі жаттықтырушылар).
    Бағдарламаны іске асыру Компанияның тиімділігін арттыруға, клиенттердің қанағаттанушылығына, ESG қағидаттарын енгізуге және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.