You are currently viewing АЙТАРЫ КӨП АҒА БУЫН

АЙТАРЫ КӨП АҒА БУЫН

  • Post category:Новости

Теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы мен кәсіподақ ұйымы алдымен аймақ темір жолына еңбегі сіңген ардагерлерді құттықтауға асықты.
Олардың қатарында кезінде Қызылорда жол бөлімшесінің тізгінін ұстаған белгілі теміржолшы Аралбай Дүйсенов, техникалық бөлімді басқарған Мадина Тұрсын, бөлімшенің есеп-қисабын жүргізген Айнагүл Айжаркенова, ұзақ жыл қауіпсіздік ревизоры қызметін атқарған Шәміл Мүбарак пен Данышпан Асанов бар. Сонымен қатар облыс орталығына алыс-жақын бекеттерде тұратын зейнеткерлер де назардан тыс қалмақ емес, мереке қарсаңында барлық ардагерлерге құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпат жасау көзделуде.
Жалпы, аймақ теміржолшыларының арасында үлкенге құрмет көрсетіп, қамқор болу дәстүрі қалыптасқан. Айтары көп аға буынның басын қосып әңгімесін тыңдау берік ұстанымға айналған.
– Зейнеткерлердің басым бөлігін бөлімшеге шақырып бас қосып, құрмет көрсеттік. Бөлімшеде өткен кездесуге түрлі себептермен келе алмағандардың отбасында болып құттықтап, кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген сый-сияпатымызды беріп баталарын алдық, – деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Тілеуқызы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,
Қызылорда
Суретті түсірген