Ардагер ұсыныс айтады

  • Post category:Новости

Жақында редакциямызға Түркістан облысы Арыс қаласынан хат келіп түсті. Хат авторы, бүгінде зейнеттегі Құрметті теміржолшы Тәуекел Әділбеков төл газетіміз арқылы өз ұсынысын жеткізгісі келетінін жазады.

Автор Мемлекет басшысынынң шешімімен Қапшағай қаласына ірі мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілгенін қуана қабыл алғандарын жеткізген. Сонымен қатар, ол теміржол бойында Қонаев есімімен байланысты бірде-бір нысан жоқтығын еске салып, Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш бекетіне Д. Қонаев есімін беру туралы ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты ардагер бірінші рет қозғап отырған жоқ. «Кезінде өзім төл газетіміз «Қазақстан теміржолшысы» газетіне, нақты айтқанда, 2004 жылғы №34 санына «Аманат айтсам деп едім», 2006 жылы №47 санына «Тоғай толғанып болғанда», 2008 жылы №103 санында «Ұсыныс қолдау тапса игі» деген тақырыптарда мақалалар жаздым. Сол кезде мен Өзбекстан темір жолы қарамағында өгей күй кешкен Шеңгелді-Сарыағаш, Жетісай-Мақтаарал темір жолдарының жай-күйін көтеріп, Сарыағаш бекетіне Қонаев есімі берілсе деп жазғанмын. Енді қанша жыл өткеннен кейін сол ұсынысымды тағы қайталап, көпшіліктен қолдау табар деп үміттенемін», – деп жазады хат иесі.

Ұлан ОРАЗ, Нұр-Сұлтан