You are currently viewing Арыс және Шымкент: локомотив бригадаларының демалуына жағдай жасалған

Арыс және Шымкент: локомотив бригадаларының демалуына жағдай жасалған

  • Post category:Новости

Сарыағаш станциясында екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық ғимарат жөнделді, онда локомотив бригадаларына арналған бес демалыс бөлмесі, тамақ ішуге арналған бөлме және тауар кассасы орналасқан.
Ғимаратта қасбет жаңартылып, сыртқы қабырғаларды сырлау және сылау (қажет болған жағдайда) жүргізілді, іргелес аумақ абаттандырылды. Терезелерді, есіктерді, сантехниканы, су сорғысын, жылу қазандықтарын, жылыту жүйесін ауыстыру жүзеге асырылды.
Ғимараттың техникалық қабатында кір жуатын бөлмеде плиткаларды ауыстыру, қабырғаларды сырлау және сылау жұмыстары жүргізілді. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар жөнделді. Кассашылар, демалыс бөлмелері бойынша кезекшілер үшін ыңғайлы жұмыс орындары құрылды.
Тәулігіне мұнда 16 локомотив бригадасы – 32 машинист пен машинист көмекшісі сапарлар арасында күш-қуатын қалпына келтіре алады. Мұнда негізінен Арыс және Шымкент депосының теміржолшылары тоқтайды. Олар үшін жарық әрі кең екі орынды демалыс бөлмелері әрқашан дайын. Тамақтану бөлмесінде қажетті ыдыс-аяқ пен ас құралдары, сондай-ақ тұрмыстық техника: пеш, шайнек, тоңазытқыш бар.
Ыңғайлы және қауіпсіз еңбек және демалыс жағдайларын жасау – “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС-ның басты әлеуметтік міндеттерінің бірі.
Биыл Пресногорьковская, Сексеуіл, Ақсу-1, Маңғыстау, Сарышаған, Шу, Құлсары, Қарағайлы, Жезқазған, Саяқ, Арыс, Сарыағаш, Қызылорда, Мақат, Ақтөбе және Шиелі станцияларында локомотив бригадаларының 16 демалыс үйі жөнделді. Тағы 22 демалыс үйін жөндеу барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, кесте бойынша жүргізіледі.