You are currently viewing Балалар  қауіпсіздігі  алаңдатады

Балалар қауіпсіздігі алаңдатады

  • Post category:Новости

Жіңішке станциясының басшылығы теміржолға тым жақын орналасқан мектепке барып, оқушылармен қауіпсіздік тақырыбында түсінік жұмыстарын өткізді.

Олар оқушыларға теміржол бойын ойын алаңына айналдырмауды, қандай жағдайда да қауіпсіздікті қаперден шығармауды қатаң ескертті. №36 мектеп Жіңішке станциясының аумағында орналасқан, оқушылардың тұрғылықты жері де осы төңірек. Сондықтан мұндай ескерту жұмыстары аталмыш мектепте жиі өтеді.

Түсіндіру жұмыстарының тұрақты болуының да әсері шығар, биыл станция аумағында төтенше оқиға тіркелген жоқ. Жылжымалы құ- рамды шұғыл тоқтату оқиғасы да болмаған.

«Балалар қауіпсіздігі бәрімізді алаңдатады. Мектеп әкімшілігімен тұрақты байланыс жасап, балаларға теміржолда жүру тәртібі, қауіпсіздік ережелері үйретілуін назарда ұстаймыз. Мектеп теміржол аумағында болғандықтан жан-жақты бақылауда, балалардың қауіпсіздігі бірінші кезекте олардың ата-аналарының жауапкершілігінде десек те, мектеп басшылығымен қоса біз де жауаптымыз деп санаймыз», – дейді станция инженері Әсемгүл Сәуірбаева.

Теміржолшылар страте- гиялық аймақта жылжымалы құрамның қозғалысына кедергі келтіргендердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Ардақ Ерубаева, Ақтөбе