Вы сейчас просматриваете БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ!

БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ!

  • Рубрика записи:Новости

Маңғыстау ло- комотив пайдалану депосының ұжымы қос бірдей әріптесін зейнеткерлікке шығарып салды. Екі
ардагерге ұлттық дәстүрмен шапан жауып, сый-құр- мет көрсетіліп, ұзақ жылғы бейнеттің зейнетін көріңіздер деген
тілек айтылды.

Депо ардагерлерінің қатарын толықтырып отырған жандардың бірі тәжірибелі машинист Сағынбай Орынбайұлы болса, екіншісі – тепловоз жөндеушісі Жандос Ниязов. Екеуінің де жалпы теміржол саласына, соның ішінде Маңғыстау депосына сіңірген еңбегі зор. Сағынбай ағамыз ғұмырының 36 жылында темір тұлпарды тізгіндесе, Жандос Рзабекұлы алтын қолды шеберлер қатарынан. Бірі тепловоздардың тоқтаусыз жүрісін қамтамасыз етсе, екіншісі сол темір тұлпарлардың ақаусыз жүруі үшін күш салды. Сондықтан әріптестер екі бірдей таңдаулы маманмен қимай қоштасып, олардың ұжым өміріндегі
орны ерекше екенін жеткізіп, еңбектеріне алғыс айтты. Теміржолшы кәсібінің қыр-сырын үйреткен ұстаздарына
деген ыстық ілтипатымен шәкірттері де бөлісті. Қарақалпақстанның Қоңырат қаласында көмекші машинист болып еңбек жолын бастаған Сағынбай Орынбайұлы атамекенге 2002 жылы көшіп келіп, содан бері Маңғыстау депосында машинист болып Маңғыстау-Сайөтес, Маңғыстау-Жаңаөзен бағытында жүк пойыздарын жүргізді. Үшінші, екінші класты біліктілік дәрежелерін алды. 2012 жылы «Үздік маман» атанды. Бірнеше құрмет грамотасы, алғыс хаттардың иегері.
Түркіменстанда туып-өсіп, 2002 жылы елге оралған Жандос Ниязов та Маңғыстаудағы өмірін теміржолмен
байланыстырды. Депоның ТҚК-2 цехында төртінші разрядты аккумулятор жөндеушісі болып бастап, разрядтары
өсе келе нағыз жөндеуші шеберге айналды. «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, алғыс хатпен марапатталған.

Источник


Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Суретті түсірген автор