Вы сейчас просматриваете Бильярдтан іріктеу турнирі өтті

Бильярдтан іріктеу турнирі өтті

  • Рубрика записи:Новости

Ақтөбелік теміржолшылар арасында «KAZPROFTRANS-2024» АҚ төрағасының кубогына бильярдтан іріктеу турнирі өтті. Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен жарыста бірнеше теміржолшы үздік нәтиже көрсетті.
Магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелерінен, Ақтөбе, Шалқар, Қандыағаш, Әйтеке би станцияларынан келген ойыншылардың осалы жоқ екен. Ойын шарты бойынша ойыншы қарсыластан бұрын сегіз ұпай жинап, лузаға сегіз шар түсіру керек. Ойынның бұл түрінде 16 пирамидалық бильярд шарының стандартты жиынтығы 15 және нөмірсіз бір түсті шар қолданылады. Бірінші соққыны есептемегенде әрі қарай ойыншы үстел бетіндегі кез келген шарды ұра алады.
Осындай әдіспен сегіз бильярд үстелінде өткен ойын өте тартысты өтті. Алғашқы үш орынды иемденген ойыншылар билиярдты хоббиға айналдырған шеберлер екен. Сонымен қатар жүлде қорында тағы екі номинация болды. «Ең ірі женіс» номинациясымен машинист Нұрбол Тілегенов және «Бір қолдан көп шар» номинациясын Амандық Ашаков иеленді.
1 және 2-орын алғандар 3-4 қазан аралығында Шымкент қаласында өтетін финалдық жарысқа барады. Олар Пойыздар қозғалысын басқару орталығы атынан шығып, 1-орын алған Амандық Ашаков пен 2-орын иеленген «Батыс» филиалының қызметкері Аслан Айтымбетов.