You are currently viewing «Саламатты Қазақстан» пойызы Адыр станциясына келді

«Саламатты Қазақстан» пойызы Адыр станциясына келді

  • Post category:Новости

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақмола облысындағы Адыр стансасына аялдап, жоғары білікті мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта жүзеге асырып отыр.
«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының басты ақпараттық серіктесі – ҚР Президентінің телерадиокешені.
Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын қорғау мәселесі бойынша тегін консультация беріліп келеді.
Медициналық пойыз Адыр стансасына 23 шілде күні сағат 22:41-де келіп тоқтады.
Ал 24 шілде күні сағат 22:40-та келесі стансаға аттанып кетеді.
Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеті жоқ аймақтарды қамтиды.
Осылайша, биыл шалғайдағы елді мекен тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да салалар бойынша тегін тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды.
Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған.
Одан бөлек, сымсыз интернет байланыс құралдарымен қамтылған.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары 26 сәуір мен 17 шілде аралығында Алматы, павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 стансасының тұрғындарына кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативті көмек көрсетіп үлгерді.
Айта кетейік, 26 сәуірде Алматы-2 стансасынан басталған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 6 желтоқсанға дейін жүреді. Пойыздың жүру кестесін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бекіткен.
Медициналық пойыздың қазіргі кестесі медицина пункттері жоқ шалғай станцияларды, азаматтар мен мемлекеттік органдардың сұранысын ескере отырып жасалды.