You are currently viewing Біз  лагерге  барамыз…

Біз лагерге барамыз…

  • Post category:Новости

Жадырап жаз келді. Каникулға шыққан мектеп оқушыларынынң жазғы демалысын ұйымдастыру – теміржолда бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Бір-екі жыл пандемия кесірінен тоқтап қалған үрдіс биыл қайта жанданып, бала біткеннің құлағы елеңдеп отыр.

Күні кеше қызылордалық теміржолшылардың 75 баласы «Машат» сауықтыру лагеріне демалуға аттанды. Жазғы лагердің алғашқы легінде Қазалы вагон пайдалану депосы, Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану депосы теміржолшыларының балалары жөнелтіліпті. Оларды лагерьге алып бару, орналастыру, кері алып қайтуды мекемелердің кәсіподақ ұйымы өз міндетіне алып отыр.

– Сегіз бен он үш жас аралығындағы Қазалы вагон пайдалану депосынан 25 балаға 3 жетекші, Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану деполары теміржолшыларының 50 баласына 4 жетекші, жалпы 7 жетекшінің арнайы бақылауымен Машат лагеріне аттанған балалардың қуанышында шек жоқ десек болғандай. Екі аптадан соң оларды екінші топ алмастыратын болады, – дейді «Қазкөліккәсіп» филиалының балаларды лагерге орналастыру жұмысына жауапты маманы Асылбек Мыңжасаров.

Сабырхан Сейілбекұлы, Қызылорда

Суретті түсірген автор