You are currently viewing BIZBIRGEMIZ

BIZBIRGEMIZ

Сан мыңдаған адамды сарсаңға салған індет Сыр өңірінде де ірге жайып, вирус жұқтырғандар көбейіп келеді соңғы күндердегі сауыққандар санының артуы көңілге медеу. Бүгінде Президенттің пәрменімен, Елбасының бастамасымен қоғамның барлық салалары жан-жағына жақсылық жасауға, қамқорлықты қажет ететін қарапайым тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуге, жұртшылықты жігерлендіруге, сабырға шақыруға ат салысуда.

       «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП Қызылорда бөлімшесі» кәсіподағы төрағасы М.Көпірбаевтың ұйымдастыруымен Қызылорда теміржол саласының дамуына үлестерін қоса отырып, саналы өмірлерін теміржолға сарпы еткен, ардақты да, аяулы зейнеткерлерімізді қиын қыстау кезеңде ойдан тыс қалдырмай, өсетін елдің қарты қазына болар демекші,  BIZBIRGEMIZ атты акциясының аясында Социалистік еңбек Ері О.Әбішевтің, 90-нның сеңгіріне жеткен Нина Александровнаның, құрметті теміржолшы Құлымбетова София апайларымызға және басқада зейнеткерлеріміздің үйлерін аралап, маңызды азық өнімдерін әзірлеп, азық-түлік  корзинасын жинап табысталды. Бір сәт болсада  зейнеткерлеріміздің көңіл күйлерін аулап келу кәсіподақ қызметкерлері үшін маңызы бар деп ойламын.