You are currently viewing Елордаға саяхат

Елордаға саяхат

  • Post category:Новости

Бөлімшенің Сексеуіл станциясындағы салалық мекемелерде еңбек ететін теміржолшылар балалары Астана қаласына туристік сапармен барып, елорданың көрікті жерлерін қызықтап, демалып келді.
Сексеуіл локомотив пайдалану депосы кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан Жұмқанов пен медбике Гүлмира Қаниева балалардың жанында болып, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етті.
Балалардың алған әсері ұшан-теңіз. Бес күн бойы елордада армансыз қыдырған олар мұражайларды аралап, Аквапарк бассейнінде шомылып, ЭКСПО және Думан кешенін қызықтап, Джунглидегі кереметтерді көздерімен көріп мәз болды.
– Осындай тамаша саяхат үшін балалар ғана емес атааналар да риза болып, сала басшылығына, кәсіподақ ұйымына алғыс жаудырып жатыр. Үш ай каникулда балалар жазын көңілді ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз, жартысы лагерде демалып жатыр, жартысы саяхатпен елді аралауда. Расымен, балалар үшін көп игілікті шараларды ұйымдастырып жатқан ҚТЖ секілді компания көп емес,– дейді кәсіподақ жетекшісі.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда