You are currently viewing Көлік қызметкерлері күнімен!

Көлік қызметкерлері күнімен!

  • Post category:Новости

Құрметті әріптестер!

Сіздерді салалық Кәсіподақ атынан кәсіби мерекелеріңіз – көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Болат жолдың жұмыскерлері күн сайынғы табанды еңбегімен Қазақстанның көлік саласындағы басты күре тамырының үздіксіз жұмыс істеуіне үлес қосып, еліміздің экономикасын нығайтуға ықпал етеді. Тәулік сайын маңызды жүк тиеген мыңдаған вагондар республикамыздың түрлі өңірлеріне, жақын және алыс шетелдерге аттанады. Әлеуметтік маңызды қызметті атқара және Қазақстанның барлық өңірлеріне, Ресей және Орта Азияға қатынайтын жолаушылар бағдарын біріктіре отырып, теміржол әдеттегідей халқымыздың басым бөлігі үшін негізгі көлік түрі болып қала береді.
Құрметті теміржолшылар, кәсіби мереке қарсаңында Сіздерге және әрқайсыңыздың отбасыңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін! Еліміздің темір жол көлігін дамытуға белсенді атсалысып, биік белестерді бағындыра берейік!

«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ төрағасы Оразғали АХМЕТБАЕВ