Вы сейчас просматриваете МАШИНИСТ – МАМАНДЫҚТЫҢ ТӨРЕСІ!

МАШИНИСТ – МАМАНДЫҚТЫҢ ТӨРЕСІ!

  • Рубрика записи:Новости

Ел игілігі үшін күн-түн демей жылжымалы құрамды сүйреген локомотивтерді тіз- гіндеген машинистер өмірі кімге болса да үлгі боларлық. Біздің кейіпкеріміз Марат Бертіле- уов Шалқар айналым депосында тәжірибелі нұсқаушы-машинист.

Қырық жылдан аса уақыт еңбек еткен Марат ағамыз осы мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен. 1980 жылы Шалқар депосына слесарь болып кіріп, әрі қарай машинист көмекшісі, кейін жауапкершілігі жоғары машинист қызметтерін атқарған. «Осы депоға келіп, жұмысқа орналасқанда жас жігіт едім. Білуге, үйренуге бейім болдық. Тәжірибелі аға буынның әңгімесін ұйып тыңдайтынбыз. Жұмыстың қыры мен сырына әбден қанықтық», – дейді кейіпкеріміз.
Теміржолшылар арасындағы игі дәстүр Бертілеуовтер отбасын да айналып өткен емес. Салада бүкіл ұрпақтың бір мамандық бойынша жұмыс істеуі дәстүрге айналғандай. Марат ағамыз да теміржолшының ұлы. Әке жолын қуып, барлық бауырлары осы мамандықты алып жүр. Үлкен теміржолшылар династиясын қалыптастырып келеді. Ұзақ жыл жылжымалы құрамды сүйреп, тепловоз айдаған теміржолшы бүгінде Шалқар айналым депосында нұсқаушы-машинист болып еңбек етіп, жас мамандарды өз кәсібінің шебері болуға баулуда. Локомотив бригадаларының жұмысын күнделікті қадағалап, ресурс үнемдеуге бағыт-бағдар беруде.

«Қарамағымда 40-қа жуық локомотив бригадасы бар. Тепловоз жүрісіне расшифровка жасайтын инженер қыздарға көмектесемін. Таспаға жазылған жылдамдық көрсеткішін қараймыз. Осылайша, тосын оқиғаларда таспаға жазылған қозғалысты танып, оқи білетін маманмен бірге жұмыс істеймін. Көмегімді тигізуге тырысамын. Машинистің іс-әрекеті, жылжымалы құрамның қозғалысын пойыз жүрген кездегі таспаға жазылған сызбалардан көріп, біліп отырамыз. Кейде шұғыл тоқтау, авариялық жағдай болады. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығын анықтап береміз», – дейді қырағы машинистен тәжірибелі нұсқаушыға айналған ағамыз.

Источник


Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе
Суретті түсірген автор