You are currently viewing Менің отбасым – менің тірегім

Менің отбасым – менің тірегім

  • Post category:Новости

Елімізде 10 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып келе жатыр. Биыл бүкіл ел үшін маңызды әлеуметтік институтқа арналған мереке 10 қыркүйекке сәйкес келіп отыр.
Әрқайсымыз үшін отбасы рөлі маңызды екені сөзсіз. Отбасымыз үнемі бірінші кезекте, одан кейін барып сүйікті жұмысымыз. Ол ұрпақ сабақтастығын байланыстырады және балалардың қоғамда әлеуметтенуіне көмектеседі. Еліміздің болашағы балалардың отбасында жақсы тәрбие алып, мықты тұлға болып қалыптасуына байланысты. Сондықтан да мемлекет үшін отбасы мен ана, әке мен бала институтын қорғау маңызды.
Елімізде көпбалалы және толық емес отбасылардың, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғандардың мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жас отбасыларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған. Жыл сайын Отбасы күнінде еліміздің түкпір-түкпірінде тәрбиелік сипаттағы концерттер мен көрмелер, лекциялар мен семинарлар, отбасылық спорттық жарыстар өткізіліп, перзентханаларда, сондай-ақ балалар ауруханаларында сыйлықтар беріледі.
Алдағы мереке қарсаңында «Қазақстан теміржолшысы» газетінің редакциясы да шет қалмады. Отбасы күні аясында Rail-news.kz «Менің отбасым – менің тірегім» атты фотожобаны іске қоспақ. Оған еліміздің барлық теміржолшылары қатыса алады. Отбасыңыздың қаншалықты үлкен екенін және ондағы бірлікті көрсете біліңіздер. Шаңырағыңыздағы мәдени құндылықтар мен өзге де дәстүрлер жайлы айтып беріңіз. Өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеудесіз және руханилықты қалай дарытып жатырсыз.
Барлық өтінімдерді (суреттер мен отбасыңыз жайлы шағын текст) railnews.kz@gmail.com поштасына 7 қыркүйекке дейін жібере аласыздар. Фотожоба біздің сайтымызда 11 қыркүйекке дейін жарияланады.
Еске салайық, Отбасы күні 2013 жылы 1 наурызда президент жарлығымен белгіленіп, Қазақстандағы кәсіби және басқа да мерекелер тізіміне енгізілген.