You are currently viewing Мойынты – Шу темір жолының аяқталуына орай ескерткіш тақта орнатылды

Мойынты – Шу темір жолының аяқталуына орай ескерткіш тақта орнатылды

  • Post category:Новости

Мойынты станциясында Қарағанды торабының теміржолшылары ардагерлермен бірлесіп Мойынты – Шу теміржол учаскесінің пайдалануға берілгеніне 70 жыл толуына орай салтанатты түрде мемориалдық тақта орнатты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Станция кездейсоқ таңдалмаған. Мойынты-Шу теміржол желісінің құрылысы бір мезгілде екі жағынан басталды: Қарағанды темір жолының Мойынты станциясынан және Түркістан-Сібір темір жолының Шу станциясынан. Ол 1953 жылы аяқталды.
Мойынты — Шу болат магистралі елдің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырды, республика экономикасын нығайтуда маңызды рөл атқарды. Бұл жол аймақтағы өмірді өзгертті. Жол бойында бірнеше станция, депо салынды. Вокзалдармен, жолаушылар платформаларымен қатар тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар салынды.
Мойынты — Шу тармағының құрылысы халықтық деп жарияланды. Оған республиканың 12 облысынан екі мың адам қатысты.