ОН АЙДАҒЫ ОҢ ІСТЕР!

  • Post category:Новости

Семей ЖТ бөлімшесіндегі са- лалық кәсіподақ ұйымының белсенділері биылғы жылғы ҚР кәсіподағының 30 жылдық
мерейтойын қорытындылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл орайда салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досановтың бастамасымен ағымдағы жылғы жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытынды жасалуда. Теміржолшылардың әлеуметтік ахуалына басымдық берген кәсіподақ белсенділері жастармен бірлесіп көптеген акциялар өткізген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 10 айында 2 млн 434 мың теңгеден аса қаражатқа қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мәдени-қоғамдық шараларды өткізуге 18 млн 951 мың теңге жұмсалынған. Ал теміржолшылардың балаларына бөлінген қаражат көлемі 3 млн 842 мың теңгені құраған.
– Биылғы жылдың басты жетістігі ретінде теміржолшылардың психологиялық жүктемеден арылу бөлмесін жөндеуден өткізуімізді айтар едік. Биылғы жылдың 10 айының ішінде бұл бөлмені 600-ден аса теміржолшы пайдаланыпты, – дейді кәсіподақ белсенділері. Бұл шаралардың сыртында шалғай станциялар мен жол айрықтарындағы жаңадан бой көтерген немесе күрделі жөндеуден өткізілген балалардың ойын алаңқайларын да жыл үлесіндегі жемісті жұмыстар қатарына қосуға болады. Нысандардың теміржолшылар үшін қалыпты қызмет етуіне әсіресе жол шаруашылығының мамандары елеулі түрде жәрдем беруде.
Қазіргі күні семейлік кәсіподақ қызметкерлері 30 жылдық мерейтой аясында тарихи маңызға ие ескілікті фотосуреттер мен деректерді жинастыруға кірісті. Ал бөлімшенің Жастар ұйымының төрайымы Арайлым Қосанова бастаған белсенді жастар алдағы жылға арналған қайырымдылық, патриоттық тәрбие беру мақсатындағы шаралардың арнайы жоспарын әзірлеу үстінде.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,
Семей