You are currently viewing «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты

  • Post category:Новости

Шалғай ауыл-аймаққа көмектесу мақсатындағы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24.KZ сілтеме жасап.
Биыл тегін медициналық көмекпен еліміздің барлық өңіріндегі 140 шалғай станцияның 90 мың тұрғынын қамту жоспарланып отыр. Ел азаматтары біліктілігі жоғары дәрігерлердің көмегіне, тіпті шағын хирургиялық операциялар мен сапалы тіс емдеуге де мүмкіндік алады. Игілікті іске тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер де атсалысады.
«Саламатты Қазақстан» пойызы – 2010 жылдан келе жатқан жоба. Бұл жобаның негізгі мақсаты – алшақ жатқан шалғайдағы адамдарға денсаулық сақтау қызметін қамтамасыз ету. Әсіресе осы су тасқынынан зардап шеккен шалғай жатқан станцияларға бірінші барып, қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етеміз. Қажетті барлық құрал-жабдықтар мен мамандар бар. Мәселен, 30 маман бар. Оның 15-і – дәрігер», – дейді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.