You are currently viewing Семейде кездесу өтті

Семейде кездесу өтті

  • Post category:Новости

Кеше Семей темір жол бөлімшесінде кәсіподақ орталық кеңесінің төрағасы О.Т.Ахметбаевпен кездесу өтті.

Жиын барысында 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қабылданған өзгерістер мен толықтырулар Семей және Аягөз аудандарының бастауыш ұйымдарымен талқыланып, әріптестерімізбен пікір алмасып, Кәсіподақтардың алдағы жұмысына нақты тапсырмалар берілді. Трансшекаралық ынтымақтастық туралы 2022 жылғы Меморандум аясында «КАЗПРОФТРАНС» және «РОСПРОФЖЕЛ» кәсіподақтарына ВЖУ аумағында әріптестерімен кездесуді ұйымдастыруға тапсырма берілді.

Кездесу ұжымның естелік суретке түсуімен аяқталды.