You are currently viewing Телім бойындағы сенбілік

Телім бойындағы сенбілік

  • Post category:Новости

Аймақ теміржолшылары айналаның экологиялық тазалығын қамтамасыз ету үшін басталған науқандық тазалық айлығын жалғастырып жатыр. Бұл жолы Ербол Сәулебеков басқаратын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жеке құрамынан отыз шақты теміржолшы Қызылорда-Белкөл участогының бойында сенбілік ұйымдастырды.
Бөлімшенің бас инженері Берік Бекжанов пен эколог Ұлжалғас Арқабаеваның басшылығымен өткізілген тазалық жұмыстары участок бойына шашылған қағаз бен пакет, тұрмыстық қалдықтарды жинастыру, қалың өскен бұталарды бұтарлап шауып, тазалап ретке келтіру жұмысымен жалғасты.
-Жол бойының тазалығы теміржолшылар үшін қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуымен пара-пар саналады. Себебі жол бойы біздердің жұмыс орнымыз саналатындықтан бүгінгі сенбілік қала маңындағы участоктерде ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қызылорда-Белкөл станциясының 2827-2828 шақырымдар аралығы қураған арам шөптерден, тұрмыстық қалдықтардан тазаланды. Тазалық жұмыстары облыс әкімінің елді мекендерді санитарлық тазарту, көгалдандыру шаралары туралы ағымдағы жылдың ақпан айындағы 56-Ө өкіміне сәйкес бөлімше басшысының тапсырмасымен атқарылды. Осы өкім мен тапсырмаға байланысты апта сайын сенбілік өткізілуде,-деді эколог Ұлжалғас Арқабаева.
Сенбілік қаладан тыс, телім бойында ұйымдастырылғандықтан сенбілікке шыққан теміржолшыларды тасымалдау арнайы техниканың көмегімен ұйымдастырылыпты. Бір шақырым аумақтың қалың бұтасын сиретіп, тұрмыстық қоқыстан арылтқан теміржолшылардың сенбілігі өзге әріптестеріне үлгі боларлық іс.