Вы сейчас просматриваете ТЕМІРЖОЛШЫ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА!

ТЕМІРЖОЛШЫ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА!

  • Рубрика записи:Новости

Семей ЖТ бөлімшесінде салалық кәсіподақтың 30 жылдық мерейтойына орай арнайы жиын болып өтті. Жиынға бөлімше басшылары, жастар ұйымының жетекшілері мен салалық кәсіподақ ұйымдарының белсенділері және кәсіподақ ардагерлері қатысты.

Бөлімше кәсіподағының төрағасы Алик Досанов салтанатты жиынды ашып, осы кезеңге дейінгі кәсіподақ қызметі туралы
баяндама жасап, байтақ желі бойындағы теміржолшылар игілігі үшін атқарылған шаралармен таныстырып өтті. Бұл орайда
ұжым арасындағы еңбек дауларын реттеуден бастап, сала еңбеккерлерінің бос уақыттарын тиімді өткізулеріне де атсалысып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жіпке тізіп шықты.
Ал келесі сөз кезегін алған Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Владимир Бабиченко ұжымдық еңбек шартын әзірлеу мен оның
басымдықтарын жүзеге асыруда жергілікті кәсіподақ ұйымының үлесін баса атап өтіп, баршаны мерейтоймен құттықтады. Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысы Айдын Шәукежанов та ізгі тілегін жеткізді.
Ал арнайы шақырылған қонақ – Семей аймақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәбит Ибраев бүгінгі таңда Абай облысындағы ең үлкен ұжым саналатын Семей теміржолындағы кәсіподақ қызметінің еңбегіне жоғары баға берді.
Кәсіподақ ардагерлері, әйгілі династия өкілдері Тұрсынғазы Жарылғапов пен Нағима Мойынбаева да бүгінгі әріптестеріне еңбекте табыс тіледі. Сол тәрізді бірқатар шараларда демеушілік танытып жүрген кәсіпкер азамат, қалалық мәслихат депутаты Андрей Алтайбаев да құттықтау тілегін жолдады.
Жиын әрі қарай желі бойындағы бірқатар кәсіподақ белсенділерін Қазақстан кәсіподағының 30 жылдығына арналған
мерейтойлық белгімен марапаттауға ұласты. Олардың арасында Семей жол дистанциясының кәсіподақ төрағасы, әйгілі
жолшы Жексенбай Жолдоболинов, Аягөз локомотив пайдалану депосының кәсіподақ төрағасы Ғалинұр Мырзашев, Жаңа-Семей жол дистанциясының кәсіподақ төрайымы Зульфия Еникеева сынды белсенділер болды.
Сол тәрізді «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, әйгілі футболшы Жанат Мойынбаев, НЖС-6 кәсіподағының төрағасы
Айдар Оспанов, Семей станциясындағы кәсіподақ төрайымы Шәрбат Мейірманова «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали
Ахметбаевтың грамотасын иеленді. Тағы бірқатар теміржолшылар қоғамдық өмірдегі қалтқысыз қызметі үшін алғыс хат алды. Кәсіподақ ардагерлеріне арнайы әзірленген мерекелік сыйлықтар тарту етілді.

ИСТОЧНИК

Абай ЕРТІС,
Семей

Суретті түсірген автор