You are currently viewing теннистен  жарыс өтті

теннистен жарыс өтті

  • Post category:Новости

Қызылорда станциясында ұйымдас- тырылған стол теннисі жарысына спорттың осы түріне қызығушылық танытатын аймақ теміржолшылары мен сала зейнеткерлері қатысты.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығы құрметіне өткен сайысқа бөлімшенің кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады. Аймақ бойынша жиырмаға жуық үміткер жиналған теннис жарысы қызықты да тартысты өтті. Шебер де шалт іс-қимылымен қарсыласынан айласын асырып, жеңіс жолына ұмтылған үш ойыншы дараланып көрінді. ПЧ-60 мекемесінің мотовоз-машинисі Қайрат Денеев қарсыластарының бәрін ойсырата ұтып, 1-орынды иемденсе, ДС Қызылорда құрамасынан Әмір Матжанов 2-орынға, ЭЧ-25 мекемесінен Бақыт Иман- алиев 3-орынға табан тіреп, барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Басқа спорттық ойындарға қарағанда сирек өтетін үстел үсті теннисін дамытуға ден қоюдамыз. Аймақтағы карантиндік шектеулерді ескере отырып өткізілетін спорттық, көпшілік сауықтыру жарыстары алдағы күндері де жалғасын таппақ. Мүмкіндігінше бөлімше теміржолшыларын толық қамтуға тырысамыз. Кәсіподақ ұйымдары тарапынан спорттық сайыстардан бөлек, түрлі қайырымдылық акциялары мен мәдени-танымдық шараларға да басымдық беріледі, – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов.

Сабырхан Сейілбекұлы, Қызылорда

Суретті түсірген автор