You are currently viewing Жүлде – Мақат командасында

Жүлде – Мақат командасында

  • Post category:Новости

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Атырау филиалында кәсіподақ ұйымының қолдауымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай шағын футболдан турнир өтті.
Оған бес команда – Атырау, Мақат, Ганюшкино станцияларындағы атқыштар командасы, Орал және Соколок өзені арқылы өтетін теміржол көпірлерін күзететін атқыштар командалары қатысты. Қорытынды есеп бойынша Ганюшкино станциясындағы атқыштар командасы III орынға, Атырау станциясындағы атқыштар командасы II орынға, Мақат станциясындағы атқыштар командасы жүлделі I орынға ие болды. Сонымен қатар «Үздік қақпашы» номинациясын Орал өзені арқылы өтетін теміржол көпірін күзететін атқыштар командасының күзетшісі Б.Андреев, «Үздік ойыншы» номинациясын Мақат станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Ұ.Кәрімов иеленді. Жүлделі орын алған командалар диплом және кубоктармен марапатталды.
«Ұжымда спорттық жарыстар жиі өтіп тұрады. Біздің жігіттер қашан да қалыс қалмайды, қайта қуанады. Өйткені мұндай жарыстар олардың ойын да, бойын да сергітеді», – дейді кәсіподақ төрағасы Ғани Шонаев.
Қосұйым Мұқашев