You are currently viewing «Жасыл істер марафонында»

«Жасыл істер марафонында»

  • Post category:Новости

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде экологиялық қауіп-қатердің алдын алу бағытындағы шаралар жоспарға сай жүргізілуде. Бүгінге дейін атқарылған жұмыстар нәтижесіз емес.
Көктемде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жариялаған «Жасыл істер марафоны» айлығында Жамбыл бөлімшесі бойынша станциялар аумағындағы жолдар бойын тазарту барысында көлемі 750 м3 тұрмыстық қатты заттар қалдығын шығарды. Жиналған қалдықтарды кәдеге жарату үшін жүк көліктеріне тиеп полигонға жіберілді.
– Экологиялық акцияда бөлімшеге қарасты мекемелердің ауласына сирень, алма, қара өрік талдары мен гүлдер отырғызылды. Республикалық марафон қорытындысы бойынша біздің Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Маңғыстау бөлімшесі, үшінші орынды Алматы қалалық филиалы иеленді. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілген олимпиаданың облыстық кезеңінде біздің бөлімше қызметкері Гүлдана Хусаинова ең үздік көрсеткішпен бірінші орыннан көрінді, – дейді Жамбыл ЖТ бөлімшесінің қоршаған ортаны қорғау инженері Мерей Беделбай.
Маусым айында Семей қаласында өткен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған семинарда Жамбыл филиалының экологиялық шараларға жауапты мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп қайтыпты. Жиында инженер Мерей Беделбай «Қауіпті анықтау және қоршаған орта аспектілері стандартының талаптарын түсіндіру» тақырыбында баяндама жасаған.
Бөлімшеде қалдықтардың қайта өңделетін түрлерін жинап-өткізу мақсатында «Яруллин Н.Ф.» жеке кәсіпкерлігімен 2024 жылға келісім-шарт ұзартылған. Биылдың өзінде 701 килограмм макулатура жиналып, оны мамандандырылған кәсіпорындарға тегін және ақылы негізде кәдеге жарату үшін жіберілген. Сондай-ақ 20,858 тонна металл сынықтары өткізіліпті. Өткен жылы 15,107 тонна темір сынықтары тапсырылған. Биылғы 6 айда 1139 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылған.