You are currently viewing Жазғы турнирге жолдама алды

Жазғы турнирге жолдама алды

  • Post category:Новости

Өткен жексенді күні Арыс қаласында “Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен волейбол турнирі өтті.
Аймақтағы теміржол мекемелерінене 8 команда қатысқан спорттық іс-шараның өтуіне кәсіподақ төрайымы Нағима Салықбаева мен спорт нұсқаушылары Елена Маньшина мен К.Асановтар атсалысып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Арыс қаласындағы орталық стадионның жабық спорт залында өткен теміржолшылар турнирі тартысты да шиеленісті өрбіді. Жалпы, аймақта спорттың волейбол түрі өте жақсы дамыған деуге болады. Әйтсе де Арыс белгі беру және байланыс дистанциясынан құралған ШЧ-38 командасы ойыншыларының шеберлігі бәрінен асып түсіп, жүлделі бірінші орныды жеңіп алды. Байқау ережесі бойынша бағы жанған жеңімпаз команда Бурабайда өтетін жазғы турнирге жолдама алды.
2 және 3 орындарды осәйкесінше ВЧД-30 командасы мен ТЧЭ-32 командасы өзара бөлісті.
Сабира БАЙЗАҚОВА, Шымкент