You are currently viewing Жолаушыларға көмек ретінде

Жолаушыларға көмек ретінде

  • Post category:Новости

Ұлттық тасымалдаушы кешігіп жатқан №45 «Түркістан-Павлодар» пойызынан 213 жолаушыны тасымалдау мақсатында бір реттік «Астана-Павлодар» бағытындағы №6836 электропойызын тағайындады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Пойыз 26 маусымда сағат 21:40-та Астанадан шығып, 27 маусымда Павлодарға келеді (№46 «Түркістан-Павлодар» пойызының кестесі бойынша қатынайды).
Отырғызу жолаушылар сатып алынған билеттерге сәйкес жүреді және жол ақысы айырмашылығы төленеді.
Айта кетейік, Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдауда.
Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.