You are currently viewing ҚАРТ ЖОЛШЫҒА ҚҰРМЕТ!

ҚАРТ ЖОЛШЫҒА ҚҰРМЕТ!

  • Post category:Новости

Құсмұрын жол дистанциясында қырық жылға жуық уақыт еңбек еткен ардагер Нұрпейісов Сабырхан бүгінде Державинск станциясында тұрады. Ардагер әлі де тың, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

Станциядағы ардагерлер ұйымын басқарып отырғанына 22 жыл, сонша жыл теміржолшы зейнеткерлердің мұң-мұқтажын түгендеп жүрген қария 85 жасқа толып отыр. Биылғы теміржолшылар күні Құсмұрын жол дистанциясының арнайы шақыруымен торапта өткен салтанатты жиынға қатысқан қарт жолшыны дистанция ұжымы мен кәсіподақ ұйымы кәсіби
мерекемен және мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында туып-өскен Сабырхан атаның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келгендіктен сұрапыл жылдардың сұмдығын әлі күнге айтып отырады.
– Әкемді інісімен бірден соғысқа алды, анам одан бұрын қайтыс болған, біз кәрі әжемнің қолында өлместің күнін кештік. Өзім сияқты балаларға қосылып аштан өлмес үшін колхоздың картобын жинасып, масақ тердік. Қой баққан шал-кемпірлерге көмектестік.
Соғыстан кейін де тұрмыс түзеліп кеткен жоқ, Құсмұрындағы мектепке 5 км жерден қатынап оқып, онжылдықты бітірдім, – дейді қарт өткен өмірінен сыр шертіп.
1957 жылы Құсмұрын жол дистанциясына жұмысқа тұрған Сабырхан Уалиұлының өмірлік серігі Балғалым Төлепбергенқызы да ерімен бірге қатардағы жолшы болып, ерлі-зайыптылар отыз жылға жуық еңбек еткен. Елу жыл
үйде де, түзде де қатар жүріп тер төккен ерлі-зайыпты теміржолшылар бес бала тәрбиелеп өсірген.
–Құсмұрын жол дистанциясының бастығы Николай Иванович Пивницский мені Жамбылға оқуға жіберді. 11 ай оқып, жол
шаруашылығының маманы болып оралдым, ол кезде оқу деген қиын, инемен құдық қазғандай, бірақ бәрін үйреніп, сауатты маман болып шығасың, – дейді ардагер.
1971 жылы Державинск жол дистанциясының бастығы Оразбай Айтбаевтың шақыруымен Есіл-Державинск-Арқалық жаңа
теміржол теліміне жол шебері болып ауысқан Сабырхан ақсақал зейнетке шыққанша еңбек еткен.

Источник


Лаура ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
Қостанай