You are currently viewing Ұлыстың ұлы күніне арналған ерекше акция

Ұлыстың ұлы күніне арналған ерекше акция

  • Post category:Новости

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ғимаратындағы орталық мұражайда Наурыз мейрамындағы салт-жоралғылар жайлы мағлұмат беріп, оларды кеңінен насихаттауға арналған ерекше акция өтті.

Мұражайға келген қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Наурыз мейрамының шығу тарихы, салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, туыс атаулары туралы құнды мағлұматтар алды.

«Бұл акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараны ұйымдастыру себебіміз – салт-дәстүрімізді, атадан балаға берілген мұрамызды ұмытпай жаңғырту, оны кеңінен насихаттау», – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ “Астана” филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев.

Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, оны насихаттауға арналған бұл игі шара наурыздың 16-20 күндері аралығында өтті.

Салалық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев мұндай іс-шара рухани тұрғыдан өте маңызды екенін, сондықтан да келесі жылы барлық темір жол мұражайларында ұйымдастыру көзделіп отырғанын жеткізді.