You are currently viewing ШЫРША ТОЙЫ БАСТАЛДЫ…

ШЫРША ТОЙЫ БАСТАЛДЫ…

  • Post category:Новости

Қызылорда бөлімшесі бойынша биылғы Жаңа жыл балалар ертеңгілігімен басталды. Қоян жылын қарсы алуға асыққан
бүлдіршіндер жасыл шырша жанында Аяз ата мен Қаршақызды қарсы алып, тәттіге қарық болды.

Кәсіподақ ұйымдарының атсалысуымен әр балаға қапшық толы сыйлық берілді. Жалпы бөлімше бойынша биыл мың
данадан астам сыйлық әзірленіп, балаларға үлестірілуде. Ең көбі Қызылорда ЖТ қосалқы бөліміне қарасты мекемелерге 310 дана, Қазалы вагон пайдалану депосына 210 дана, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне 200 дана жаңажылдық сыйлық әзірленген екен. Ал аймақтағы станция-бекетте тұратын теміржолшылардың балаларына арналған сыйлықтар алдын ала жөнелтілген. Кейбір мекемелерде сыйқапшықпен қоса ертегі, анимациялық фильмдер үшін билеттер ұсынылған.
Бүгін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында балаларға арналған шырша тойы. Ұйымдастырушылардың бірі – «Жасыл шырша» образында киінген дистанция кәсіподағы төрайымы Ғалия Қожахметова бүлдіршіндермен бірге шыршаны айналып ән салып, мерекенің ортасында жүр. Аяз ата мен Ақшақардың қолынан сыйлық алған балалар мәз-мейрам.

– Теміржолшыларымыздың балалары үшін жаңажылдық таңертеңгілік ұйымдастыруды жөн санадық. Балалар үшін шырша тойы, Аяз ата болуы керек деп шештік. Одан бөлек дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымы тарапынан әр балаға арнайы әзірлеген сыйлығымыз бар, – деді Ғалия Қожахметова.


Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген автор