You are currently viewing Қандыағаш: еңбек қорғау инспекторы төсбелгісімен марапатталды

Қандыағаш: еңбек қорғау инспекторы төсбелгісімен марапатталды

  • Post category:Новости

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарына аса мұқият қарайтын ақтөбелік штаттан тыс инспектор Алтынгүл Ысқақова өндірістегі еңбек қорғау мәселесі қашан да өзекті, оған ұдайы көңіл бөлу қажет деп санайды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалының бас инспекторы Жасұлан Рысқалиев Қандыағаш станциясының жетекші инженері Алтынгүл Ысқақованы еңбек қорғау инспекторы төсбелгісімен марапаттап, оның қоғамдық жұмыстарға белсенділігі үшін алғыс айтты және штаттан тыс инспектор ретінде өндірісте талай бұзушылықтың алдын алған еңбегін әріптестеріне үлгі етті. 

«Өндірістік сала болып саналатын теміржолда қауіпсіздік, еңбек қорғау – басты тақырып. Дегенмен, шалғай бөлімшелер мен цехтардағы еңбекті қорғау мәселесі көп көңіл бөлуді қажет етеді. Себебі үлкен кәсіпорындарда қауіпсіздік, жұмысшыларға жағдай жасау мәселесі талапқа сай. Бұзушылық көбінесе көзге көп көрінбейтін, елене бермейтін жерден табылады. Сондықтан өндірісте қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бәріміз мүдделіміз», – деді Алтынгүл Ысқақова. 

Кейіпкеріміз өңірдегі белгілі теміржолшылар әулетінің өкілі. Ысқақовтар әулетінің саладағы еңбек өтілі 500 жылға жуық. Айтуынша, отбасынан жолшы, машинист, вагоншы, механик, станция кезекшісі, т.б. теміржолдың түрлі саласындағы мамандар шыққан. 

Алтынгүл 2012 жылы еңбек жолын Никельтау станциясында оператор болып бастап, кейін Қандыағашқа парк кезекшісі болып ауысады. 2023 жылдан бастап станцияда жетекші инженер. Төрт бағытқа қызмет көрсететін республикалық маңызы бар Қандыағаш станциясында қауіпсіздік қызметін үйлестіріп отырған маманның бірі.