You are currently viewing ҚАРИЯЛЫ ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

ҚАРИЯЛЫ ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

  • Post category:Новости

Семей ЖТ бөлімшесінде аға буын өкілдеріне арналып мерекелік ақ дастархан жайылды. Ардагерлер қауымы өзара әңгіме шертіп, пікір алмасып, кейінгі буынға баталы тілек білдірді. Әйтсе де, бөлімшенің ардагерлер қауымын ерекше разы еткен жайт, үстел теннисінен өткен спорттық шара болды.

Аталмыш сайыс 60 және одан жоғары жастағы- лар арасында өткізілгенімен, жиналғандардың барлығы дерлік зейнеткер-теміржолшылар болатын.

Қарттардың карантиндік шектеулер кезінде бір-бірін сағынысқаны спорттық шара барысында байқалып тұрды. Тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша жасының жетпісті алқымдағанына қарамастан көп ұпаймен бас жүлдені Владимир Радченко жеңіп алса, Жұмағали Жакупжанов пен Виктор Анфалов 2-ші және 3-ші орындарды өзара бөлісті.

Жарыстың соңында барлық жеңімпаздар кәсіподақ ұйымы әзірлеген арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталып, мақтау грамоталарын иеленді.

Қуан ЕРТІС