You are currently viewing Қазалыда сенбілік өткізді

Қазалыда сенбілік өткізді

  • Post category:Новости

Қоршаған ортаның тазалығын қауіпсіздікпен қатар қоятын аймақ теміржолшылары көктем лебі сезіле бастағаннан жұмыс орындарынан бастап айналаны ретке келтіруге кірісті.
Қазалы вагон пайдалану депосының ұжымы тазалық айлығының алғашқы сенбілігін ұйымдастырды. Олар аудан көлемінде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында бекітілген іс-шараға сәйкес Желтоқсан көшесінің екі жағына сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, қыс бойы жиналған күл-қоқыстарды шығарып, шөп-шаламды шауып, қыруар жұмыс атқарды.
Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаевтың айтуынша, наурыз айында басталатын сенбіліктер 2 айлық санитарлық тазалық жұмыстарына ұласады. Бүгінгі сенбілік айнала төңіректі тазартуға арналса, келесіде ағаштардың түбі қопсытылып әктеледі. Бос жерлер болса, жаңадан көшет отырғызылады. Содан кейін аймақтардағы техникалық қызмет көрсету пункттерінде жалғасатын болады.


Сабырхан Сейілбекұлы