You are currently viewing Қазалыда жыл үздіктері анықталды

Қазалыда жыл үздіктері анықталды

  • Post category:Новости

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Қазалы жол дистанциясының ұжымы былтырғы жылдың қорытындысын салтанатты түрде атап өтіп, онда «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов жыл үздіктерін марапаттады.
Бұл дистанцияның жолшылары Жосалы – Аралқұм станциялары арасындағы телімдерде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін жолдардың күтімін жасап, технологиялық талаптың сақталуын бақылайды.
Телімдер арасындағы жыл қорытындысының нәтижесінде 4-орын жасанды құрылыс бөлімі, 3-орынды 3-өндірістік телім, 2-орынды 4-өндірістік телім, 1-орынды 5-өндірістік телім жеңіп алды. Оларға қаржылай сыйлық тапсырылды. Жол жөндеушілер Нұрлыбек Ақышев, Бақберген Ерханов, Мирамбек Бөлекбаев, жол шебері Нұрадин Құлманов, көпір жөндеуші Бимырза Сүюбаев, инженер технолог Жадыра Жалғасбаева, телім бастығы Шынберген Ерханов, машинист Тоқтарбек Алданышов, бөлім бастығы Асылбек Оспанов, техник Гүлнәзия Ташмағамбетова жыл үздігі деп танылды. Сонымен қатар өткел кезекшілері, өлшеу шеберлері, жол жөндеушілер мен шеберлер арасында да таңдау жасалып, 32 адам дистанция бастығының құрмет грамотасымен марапатталды.

Сабырхан Сейілбекұлы