You are currently viewing Үздік шыққан үшеу

Үздік шыққан үшеу

  • Post category:Новости

Ақтөбенің шалғайдағы Әйтеке би станциясында «Қазкөліккәсіп-2023» футбол лигасының кубогінен турнир өтті.
Жалпы, теміржолшылар арасында футбол ойыны ерекше дамыған. Түрлі турнирлер өтіп, өзара жарыстар тұрақты ұйымдастырылып тұрады.
Бұл жолы да шағын футболдан тартысқа түскен командалар арасында сауатты да мәнерлі ойын болды. Әр команда намысты қолдан бермеуге тырысты.
Сондықтан соңына дейін жүлделі орындарды анықтау қиынға соққаны рас. Дегенмен, ойын басынан ширақ қимылдаған әскерилендірген күзет қызметінің командасы 1 орынды алды. Әйтеке
би станциясының командасы 2 орын иеленсе, магистральдық желі бөлімшесінің командасына 3 орын бұйырды. Жалпы, үш команда да ойын үлгісін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Теміржолшылар мерекесі қарсаңында өтіп жатқан шараның маңызы ерекше. Үш команда арасындағы іріктеуде мықтылығын көрсеткен Әйтеке би станциясындағы әскерилендірілген күзет қызметі 28 шілдеде өтетін қалалық турнирге жолдама алды. Әрі қарай Батыс аймақтық теміржолшы командалары арасынан анықталған мықтылар Павлодар қаласында өтетін жарысқа қатысады», – деді Әйтеке би станциясының спорт нұсқаушысы Марат Жанасов.
Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе
Суретті түсірген автор