You are currently viewing “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі белсінділікте бірігу ” акциясы!

“Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі белсінділікте бірігу ” акциясы!

  • Post category:Новости

“Теміржолсу-Қызылорда” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі, “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі белсінділікте бірігу ” атты акциясын ұжымда ұйымдастырып, лекция оқылды. 

25 қараша – Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні, біз бугін әйелдер мен қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға деген ұжымдық күресімізді растау үшін жиналдық.Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық- адам құқықтарын бұзудың ең көп таралған түрі. Зорлық-зомбылық  әйелдер мен қыздарды теңдік пен қауіпсіз өмір сүру құқығынан айырады, адамның қадір қасиетін төмендетеді және негізгі бостандықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді. Зорлық-зомбылық гендерлік дискриминацияның түрі ретінде, ең алдымен, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікке негізделген. Оның көптеген нұсқалары бар. Оның ішінде физикалық зорлық-зомбылық, фемицид,әйелдердің денсаулығы мен өміріне қауіпті дәстүрлер мен мәдени тәжірибелер, жезөкшелік пен адам саудасы кіреді. Осы күні біз барлығыңызды зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамауға, оны үн-түнсіз қалдырмауға,зорлық-зомбылықтан аман қалғандарды сөкпеуге, сондай-ақ әйелдер мен тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге шақырамыз. Сондықтан да әр адам өз құқықтарын білуге, тәрбиелі, білімді болып бұндай зорлық-зомбылыққа жол жоқ екенін түсіне білуі керек. Әбу Насыр Әль- Фараби бабамыздың “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” деген екен. Ұжымымызда жақсы іс-шара жүргізіліп, қыз- келіншектерге түсіндірме лекциялары оқылып, сый-сияпат жасалды. Ізгі құрметпен “Теміржолсу-Қызылорда” кәсіподақ ұйымы.