You are currently viewing Өзара бақ сынасты

Өзара бақ сынасты

  • Post category:Новости

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің қызметкерлері арасында теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті.
Вокзал басшылығы мен кәсіподақ ұйымы бірлесе ұйымдастырған жарысқа вокзалдың өндірістік персоналы, атап айтқанда, №1,№2 және №3, №4 ауысым қызметкерлері қатысты.
Спорттық іс-шара елордадағы паркте өтті. Қатысушылар шеңберге доп салу, жіппен секіру, дартс ойнау, түрнекке тартылу, планка жаттығуы, арқан тартудан өзара бақ сынасты. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, жарыс кезінде командалар бірін бірі басып озуға тырысып өте тартысты ойын үлгісін көрсетті.
Оларға Кәсіподақтың Орталық аппараты өкілдері баға беріп, қазылық етті. Жарыс нәтижесі 28 шілде шығарылып, бірінші орын алған командаға Алғыс хат пен 50 мың теңге, екінші, үшінші орынға 20 мың теңгеден сыйақы беріледі. Сонымен қатар «Үздік ауысым» аталымын жеңіп алған қызметкерлер командасы арнайы марапатталады.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, вокзалдың кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұласбек Бейімбеттің айтуынша, жарыстың мақсаты – теміржолшылар арасында спорт пен бұқаралық дене тәрбиесін сақтауды насихаттау, сала қызметкерлерінің денсаулығын нығайтып, ұлттық компанияның құрама командаларына мықты спортшылар іріктеу.
Ұлан ОРАЗ
Суретті түсірген автор