You are currently viewing ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • Post category:Новости

«Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның ұйымдастыруымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалындағы жұмыскерлердің жағдайына қатысты кездесу өтті.
Жиынға ПЧ, ЭЧ, ШЧ мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Сонымен қатар Магистральдық желі дирекциясынан департаменттер басшылары мен мамандар арнайы шақырылды. Отырысқа «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев төрағалық етті. Жиында құрылымдық теміржол бөлімшелеріндегі еңбек жағдайы, құрал-саймандармен жабдықталуы және басқа да өзекті мәселелер туралы кәсіподақ өкілдері жан-жақты сөз етті. Кәсіподақ өкілдері атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директоры Сәкен Рахметовке сауалдар жолданып, еңбек жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстар берілді. Кадр мәселесі бойынша сауалдарға Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева жауап берді. Жарты күнге созылған жиын барысында әсіресе Павлодар, Атбасар станцияларындағы жол, белгіберу және байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларының жай-күйі, сұраныстары баяндалды.
Түстен кейін кәсіподақ басшылығы жиналған мекемелердің кәсіподақ басшыларымен бас қосып, қорытынды шығарды. Айтылған сұрақтар бойынша хаттама толтырылды. Алдағы уақытта сол бойынша компания басшылығы шешім қабылдап, тиісті шаралар атқарылатын болады.
Ұлан ОРАЗ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК