You are currently viewing 2024 жылы 28 вокзал жөнделеді

2024 жылы 28 вокзал жөнделеді

  • Post category:Новости

2024 жылы 28 вокзалда ағымдағы жөндеужоспарланған. Инженерлік жүйелерді, кіре берісін, шатырды, жолаушылар платформаларын және т. б. жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Сондай-ақ, Астана теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Күрделі жөндеу кезеңінде вокзал жөндеу жұмыстарын жүргізу аймақтарына кіруді шектей отырып, үздіксіз жұмыс істейтін болады. Объектіні пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін айқындалады.
Ауқымды жаңарту шеңберінде шатырды, қасбетті, вокзалдың ішкі үй-жайларын, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жоспарлануда. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары жаңғыртылатын болады.
Инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық топтары үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.