You are currently viewing Волейбол мен арқан тартыстан командалық сайыс өтті

Волейбол мен арқан тартыстан командалық сайыс өтті

  • Post category:Новости

Арыс қаласындағы орталық стадионның спорт залында түркістандық теміржолшылар арасында волейбол мен арқан тартыстан командалық сайыс өтті.

«Қазкөліккәсіп» Шымкент магистральдық желісінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған спорттық спартакиадаға Арыс станциясы мен Арыс қалпына келтіру пойызы, Локомотив пайдалану депосы мен Вагон пайдалану депосы, Әскерилендірілген теміржол күзеті мен Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының құрама командалары қатысып, өзара күш сынасты.

Бұқаралық спортты дамыту мен оны кеңінен насихаттауды мақсат еткен салтанатты шараның ашылуында сөз алған филиал төрағасы Нағима Салықбаева мұндай басқосуларды өткізіп тұру теміржолшылар арасында дәстүрге айналғанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал саламатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен 70-ке жуық теміржолшы спорттың екі түрі бойынша кіл мықтыны анықтады. Волейболшылар арасында өткен тартысты кездесуде командалар арасында 16 ойын өтіп, қорытынды есеп бойынша, Арыс станциясы ІІІ-орын алды. Ал Арыыс локомотив пайдалану депосы (ТЧЭ-32) – ІІ-орынға иелік етсе, ал Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының командасы І-орынға лайық деп танылды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

Түркістан облысы