You are currently viewing ЭКО-САҒАТ ӨТТІ

ЭКО-САҒАТ ӨТТІ

  • Post category:Новости

Тараз көліктегі оқыту орталығы курсанттарының арасында эко-сағат өтті.
Оқу орталығының ұстаздары Талғат Тобышақов пен Ғалия Коркмазова экология тақырыбында дәріс оқыды.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғат-анаға құрметпен қарау сынды экологиялық құндылықтарды арқау еткен дәрісте болашақ теміржолшылар тақырып төңірегінде ой бөлісті. Шара орталық ауласындағы жеміс ағаштарына күтім жасап, тал егіп, гүл шоқтарын отырғызумен жалғасты.
Оқу орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Ақназарованың айтуынша, студенттермен өткен эко-сағат қай жағынан да тиімді болды. Жасөспірімдер тазалық, табиғатты қорғау тақырыбында дәріс тыңдап, өз қолдарымен аулада жұмыс жасады, тал-дарақтарға күтім жасады.
Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Суретті түсірген автор