You are currently viewing ҚАРАҒАНДЫ ТОП ЖАРДЫ!

ҚАРАҒАНДЫ ТОП ЖАРДЫ!

  • Post category:Новости

Тараз төріндегі «Алаш арена» футбол алаңында Сала кәсіподағының 30 жылдығына орай «Казкөліккәсіп 2022» – «Теміржолшылар футбол лигасының кубогі» турнирінің финалы өтті. Жарысқа бірнеше аймақтан бес команда қатысты.

Жамбыл локомотив пайдалану депосының командасынан бөлек Түркістан облысынан Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының, Қарағанды облысынан Қарағанды локомотив пайдалану депосының, Павлодар облысынан Екібастұз вагон пайдалану депосының және Атырау облысынан Атырау локомотив пайдалану депосының командалары қатысқан турнирдің ауқымы кең болды. Ашылу салтанатына Астанадан арнайы келген Кәсіподақтың Орталық кеңесі Ұйымдастыру
жұмыстары департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов, «Астана» филиалы төрағасының орынбасары Әбиүр Жұмаев құттықтау сөз сөйлеп, командаларға жарыс жолында жеңіс пен сәттілік тіледі. Ойын барысында барлық командалардың
тас-түйін дайындықпен келгені көрініп тұрды. Доп додасына қатысушылардың көңіл-күйі де жоғары болды.
– Қазақстан темір жолының 25 жылдығы мен Сала кәсіподағының 30 жылдық даталары құрметіне өткен турнирге алты өңірдің кілең сайыпқыран ойыншылары жиналып, ә дегеннен тартысты өрбіп, шиеленіске толы болды. Қай команданың жеңіске жетері соңғы таймға дейін белгісіз болды. Дегенмен, Қарағандыдан келген қонақтардың мерейі үстем болып, турнир кубогын алып кетуі әділетті болды. Сөз жоқ, жігіттер өте шебер ойнады, – деді Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов. Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де салтанатты жағдайда өтті. Бас жүлдені иемденген Қарағанды локомотив пайдалану депосының командасына үлкен құрмет пен қошемет көрсетілді. Екінші орыннан көрінген Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының командасы да лайықты марапатталды. Үшінші орын алған Атырау локомотив пайдалану депосының ойыншылары да сый-сияпатсыз қалмады. Сонымен қатар турнирге белсене
қатысып, командаларды дайындаудағы еңбегі үшін Мәди Қонысбаев (Екібастұз), Данияр Еңсебаев (Атырау), Қуаныш Таутанов (Қарағанды), Көмек Асанов (Арыс), Ерлан Мұқанов (Тараз) арнайы марапатталды. «Үздік ойыншы» болып
Салғазы Тынысалым (Арыс), Ержан Айтжанов (Атырау), Алдияр Нұрсұлтанов (Қарағанды) танылса, «Үздік шабуылшы» аталымына Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері Абылай Әбілхайыр ие болды.


Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Суретті түсірген авт