Вы сейчас просматриваете KAZLOGISTICS бас директоры тағайындалды

KAZLOGISTICS бас директоры тағайындалды

  • Рубрика записи:Новости

“KAZLOGISTICS “Көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы” ЗТБ төралқасының шешімімен (Қазақстан көлікшілер одағы) 2024 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстан көлікшілер одағының бас директоры болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұған дейін ол “ҚТЖ” ҰК” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Қанат Әлмағамбетов теміржол көлігінде 40 жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1981 жылы Целинный темір жолында бастаған. Пойыздарды құрастырушы, станция бойынша кезекші, станция бастығының орынбасары, Павлодар және Ақмола жол бөлімшелерінің бастығы және т. б. қызметтерін атқарды.  

“Құрмет” орденімен, “Құрметті теміржолшы” белгісімен, “Қазақстан темір жолына 100 жыл” мерейтойлық медалімен, “Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл”, “Достық-Алашаңқай темір жолының түйіскеніне 20 жыл” төсбелгілерімен марапатталған.