You are currently viewing Кәсіподақ  қолдауға әзір

Кәсіподақ қолдауға әзір

  • Post category:Новости

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрбол Нұрышевтің айтуынша, был- тырғы жылы жоспарланған мәдени-көпшілік және жұмысшылардың талап-мүдделерін қорғау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілген.

Атап айтқанда, зейнетке шыққандарды марапаттау, пандемия кезінде еңбек ардагерлеріне азық-түлік себетін жеткізіп беру, жұмысшыларға материалдық көмек көрсету, т.б. «Локомотив» спорт клубымен бірлесе «Казпрофтранс-2021» темір жол футбол лигасы Кубогының» іріктеу ойындары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шағын футболдан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Кәсіподақ өкілдері күзгі-көктемгі комиссиялық тексеруге де бөлімше басшылығымен бірлесе шығып, жұмысшылардың еңбек жағдайымен жіті танысып тұрады.

– Әлемді шарпыған коронавирус індетіне байланысты шектеу шаралары орын алған кезде кәсіподақ ұйымы санитарлық талаптарды сақтауға қажетті қорғаныс құралдарына қомақты түрде қаражат бөліп, көп көмек көрсетті. Сонымен қатар, Махамбет станциясына жұмысшыларды тасымалдайтын автобусты жалға алып бердік. Жеке адамдар да әр түрлі өтінішпен келеді. Мәселен, Атырау станциясының вагондарды реттеуші жұмысшының сал ауруымен ауыратын баласына қаржылай көмек көрсетілді. Биылғы «Балалар жылына» орай көп балалы екі отбасына өз сұраныстары бойынша ноутбук сатып әпердік. Аз қамтылған отбасы балалары да үнемі назарда, былтыр 190 балаға 2149300 теңге жұмсадық. Сондай-ақ ұжымдық шартқа сәйкес жақыны қайтыс болғанда, аурып қалған жағдайда емделуге, мерейлі жасқа шыққанда берілетін көмектер мен марапаттаулар да уақытылы беріліп отыр. Жалпы, ережеге сай әлеуметтік көмек түрлері 5-30 АЕК көлемінде қаралады. Бұдан басқа ұйым жарғысында белгіленген іс-шаралар мен көмек түрлері өз деңгейінде орындалып келеді, – дейді кәсіподақ төрағасы.

Оның айтуынша, барлық өтініштер комиссия мүшелерімен қаралып, жан-жақты сараланып барып шешім шығарады.

Қосұйым Мұқашев, Атырау