You are currently viewing Маңғыстау станциясынан Атырауға техника, құрал-жабдықтар жөнелтілуде

Маңғыстау станциясынан Атырауға техника, құрал-жабдықтар жөнелтілуде

  • Post category:Новости

9 сәуір күні алғашқы легі, яғни 13 платформа әскери техника, 6 жолаушылар вагонымен 300 әскери қызметкер теміржолмен көмекке аттандырылған еді. 11 сәуірде тағы да 1 жолаушылар вагоны, 1 жабық вагон, 10 платформа жолға шықты.
«Атырау қаласына төнген су тасқыны қаупінің алдын-алу мақсатында ҚТЖ ҰҚ АҚ қолдауы, Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, өңірдегі жеке кәсіпкерлер, Ақтау теңіз порты, Казмортрансфлот, Қаражамбасмұнай, Альянс LTD, Оңдасынстрой, Ас-Құрылыс сияқты ірі өндірістік компаниялардың қолдауымен кеше қысқа мерзім ішінде Маңғыстау станциясынан Атырау қаласына қарай 12 жеке құрам, 4 эксковатор, 5 погрузчик, 1 автобус, 18 дана суда құтқару плоты, 5000 дана қап тиелген пойызды жібердік. Аталған жүктер өңірдегі ауызбіршіліктің нәтижесінде шұғыл түрде жиналып, вагондарға тиеліп, жөнелтілді», – дейді Маңғыстау станциясы бастығының орынбасары Амантай Нұрсапин.
Осы техника жүктерінің ашық құрамаларға бекітілген сызба бойынша тиеп, бекіткен жеке кәсіпкер Данияр Габдуллиннің еңбегін ерекше айта кету керек. Жұмысшыларына өзі басшылық етіп, істің басы-қасында жүріп, барлығын ақысыз түрде атқарды, дейді станциядағылар.

Шахида Жұман