You are currently viewing МАШИНИСТЕР ОТБАСЫМЕН КЕЗДЕСУ

МАШИНИСТЕР ОТБАСЫМЕН КЕЗДЕСУ

  • Post category:Новости

Сексеуіл локомотив депосының бір жылдық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес машинистер отбасымен кездесу өтті.

Жиынға локомотив бригадасы мүшелерінің жұбайлары мен аналары келді. Депо кәсіподағы комитетінің төрағасы Нұрлан Жұмқанов, депо бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан Аяғанов, депо бастығының орынбасары Бауыржан Тұрмантаев сөз сөйлеп, отбасындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жайын сөз етіп, компанияда болып жатқан жаңалықтардан да хабардар етті. Кәсіподақ өкілдері теміржолшылар үшін шипажайға жолдама бөлу, балаларды лагерьге жіберу тәртібімен таныстырды. Машинистер отбасына берілетін әлеуметтік пакеттер реті, олардың еңбекақысын көтеру жайы түсіндірілді. Отбасылармен байланыс орнату қозғалыс қауіпсіздігінде бұзушылықтардың алдын алуға үлкен септік ететіні айтылды.
– Қызметкерлеріміздің өз міндеттерін адал және уақытында атқарып, жұмыста жоғары нәтижеге жетуіне бірінші кезекте отбасындағы ахуал әсер етеді. Үйінде береке мен жайлы жағдайды жасап отырған әйел заты болмаса, машинистің жұмыста көңіл-күйі дұрыс болмай, бұл өндіріс көрсеткішіне теріс әсер етеді. Сондықтан сіздерге алғысымыз шексіз, – деді Кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлан Жұмқанов.
Кездесу соңында локомотившілердің аналары мен әйелдеріне бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді. Атап айтқанда, машинист Айбек Нұрманов қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда күндіз-түні уақытпен санаспай еңбек етіп, депо көрсеткіштерінің орындалуына зор үлес қосқаны шін оның анасы Ұлболсын Рахатқызы, машинист Ержан Қазиевтің анасы Зейнезай Қазиева
«Тепловоз машинисінің үлгілі анасы» деген атаққа ие болды. Ал машинист көмекшісі Нәжімбек Исаевтің анасы Алтынгүл Тәттібайқызы, машинист көмекшісі Ғабит Таласбаевтың жұбайы Ұлболсын Ахметова, машинист Аққозы Берғалиевтің анасы Асылзат Тұрмантаева, машинист көмекшісі Нұрболат Қарашевтің жұбайы Ғазиза Нағашыбаева Алғыс хатпен марапатталды. Кеш соңында дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов асыл аналарға арнап ән шырқады.


Ұлан ОРАЗ