You are currently viewing Меморанлумға қол қойды

Меморанлумға қол қойды

  • Post category:Новости

Атырау аграрлы-техникалық колледжінде темір жол мамандарын даярлайтын бөлім бар. Аймақ теміржолына орта буын мамандар даярлайтын оқу орны теміржол бөлімшесімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Теміржол саласына орта буын мамандар дайындау қашан да күрделі мәселе болды.
Себебі өндірісте жұмыс істеп, сала жұмысының ең маңызды қызметін атқаратын осы орта буын кәсіби мамандар екені белгілі.
«Жуырда колледждегі Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оқу барысында маңызды шешімдерді қабылдайтын мәселелер қаралды.
Соның бірі – темір жолдың болашақ мамандарын өндірістік тәжірибеден өткізу және оқу бітірген соң салаға тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасау.
Соған сәйкес мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша шефтік қамқорлыққа алу туралы оқу орны мен Атырау магистральдық желі бөлімшесі арасында меморандум жасалды. Оған колледж директоры Ислам Жанұзақов пен Атырау магистральдық желі бөлімшесі персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы Анар Жалғаспаева қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты студенттерге кәсіптік іс-тәжірибе ұйымдастыру, шеберханалар мен зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыруға көмектесу,
теміржолшы мамандар мен өндірістік оқу шеберлерінің тағылымдамасын ұйымдастыру, білім беру және өндіріс саласында ынтымақтастық орнату, т.б. Яғни студенттер оқу кезінде өндірістен жақсы тәжірибе алып, оны аяқтаған соң мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау.
О.Көшеков атындағы колледжде жол, белгі беру және байланыс, электрмен қамтамасыз ету, локомотив және вагон шаруашылығының орта буын мамандары дайындалады.
Өндірістен келген, бұрынғы теміржолшылар, ал бүгінде колледж ұстаздары Гүлайым Есенғалиева, Гүлсара Қабдолова, теміршолшы-машинист Нұрлан Қорғанбаевтың айтуынша, осы мамандық бойынша жыл сайын елу шақты студент бітіріп шықса, олардың өңір темір жолының әр саласына жұмыс орналасуға мүмкіндігі бар және орналасып та жатыр. Биыл «Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және ұйымдастыру» факультетінде білім алып жатқан 65 студент диплом алып өндіріске жол тартпақ.
Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау
Суретті түсірген автор