You are currently viewing Орталық кеңесте ауыс-түйіс

Орталық кеңесте ауыс-түйіс

  • Post category:Новости

Астана қаласында «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық кеңесі мен оның Атқару комитетінің отырысы өтті.
Онда Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына өзгерістер енгізіліп, «Транстелеком», «ҚазАвтоЖол», «Dosjan temir joly» акционерлік қоғамдарының ағымдағы қызметі, ұйымдастыру жұмыстары, кәсіподақ ұйымдарының мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Кәсіподақ ОК аппаратының 2023 жылға арналған кәсіподақ бюджетінің игерілуі туралы ақпарат тыңдалып, 2024 жылға арналған аппаратты ұстау сметасы бекітілді, теміржол саласы жұмысшылары арасында 2023 жылғы жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша ақпараттар тыңдалды.
Сонымен қатар кәсіподақтар филиалдарының 2024 жылға арналған бюджеттері бекітіліп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы мен Кәсіподақ қызметкерлерінің өтініштері, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер қаралды.
ОК Қаулыларына сәйкес Ғафу Несіпбаев бірлестік төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.
Бақытжан Қуанышев «Қазкөліккәсіп » ҚБ төрағасының Компаниямен және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі қызметіне ауыстырылды.
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК