шахматшылар легін дайындайды

  • Post category:Новости

Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысының бастамасын алғашқылардың бірі болып теміржолшылар қолдап отыр.

Ұлттық компанияның 25 жылдығына байланысты ерекше жоба қолға алынды. Енді тек теміржолшылар ғана емес, олардың балалары да шахмат ойынын тегін үйренетін болады, ол үшін «Шахмат ойыны» топтарына тегін оқытуға арналған сабақтар өткізу жоспарланып отыр. Оқыту аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде топтық форматта онлайн режимде өтеді. Тренинг жаңадан бастаушыларға да, тәжірибесі барларға да жобаға қатысуға мүмкіндік береді. 5 пен 18 жас аралығындағы көп балалы және толық емес отбасыларының балаларына басымдық беріледі. Оқу-жаттығу аясында шеберлік сабақтарын, өзара жарыстар өткізу, сондай-ақ түрлі турнирлерге қатысу жоспарлануда. Балалар үшін спорттық разрядтарды алуға мүмкіндік бар.

«Балалар жылын тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту емес, мақсат балаларды қорғау мен дамытуға бағытталып отырғанын байқауға болады. Қазіргі уақытта барлық қызметкерлерін ақпараттандыру жұмыстары жүруде. Теміржолшылар жобаға арнайы сілтемемен кіріп, өтініш қалдыра алады», – дейді Ақтөбе бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.

Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, ұйымдастырушылар 2 тізім жасайды: негізгі және резервтік. Негізгі тізімдегілер 3-тен астам сабаққа қатыспаса, оның орнына резервтік тізімдегі қатысушы кіреді.

Ардақ Ерубаева, Актөбе