You are currently viewing Шуда волейболдан турнир өтті

Шуда волейболдан турнир өтті

  • Post category:Новости

Тоғыз жолдың торабы Шу станциясында теміржол мекемелері арасында волейболдан турнир өтті.
Қазақстан теміржолының 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған спорттық шараға ФПРОФФ – 8 спорт нұсқаушылары бастамашы болып, салалық кәсіподақ демеушілік жасады. Турнирге аймақтағы ШЧ-35, ЭЧ-22, ПЧМ, УПЧ-50, ТЧЭ-30, ВЖДО, ВП-36 – жалпы 7 команда қатысып, өзара сынға түсті.
Волейбол – спортшылардың бабы сыналатын жарыс. Ойынның «тағдырын» командадағы негізгі үштіктің сауатты да үйлесімді әрекеті шешеді. Сондықтан әр командада кемінде жетекші үш ойыншының болуы аса маңызды.
Бұл жарыста да командалық ойынның негізгі өрнегіне мән беріп, жақсы ойыншыларды дайындаған ТЧЭ-30, ВЖДО және ШЧ-35 волейболшылары үздік үштікті түйіндеді.
Турнир жүлдегерлеріне грамоталар, кубоктар мен медальдар тапсырылды. Кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.